Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2020 жылдың шілде айындағы жоспардан тыс аудиторлық іс-шараларының нәтижелері

«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

Мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақтаулы  сұрағымен жүгізілген  аудит сәйкестігі қорытындысымен 208 928,6 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын бұза отырып, мемлекеттік аудит объектісі еңбек ресурстарының болуы бөлігінде сандық өлшенбейтін  әлеуетті өнім берушілер санының шектелуіне әкеп соқтыратын талаптарды белгіленген.

Бұзушылықтарды жібергені үшін  аудит  объектісінің лауазымды тұлғасы айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

 

 «Теректі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

Аудит іс шараларымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын 4 бабын бұза отырып, аудит объектісінің лауазымды тұлғасымен жалпы сомасы 110,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алуда пайдаланылатын ақшаны оңтайлы жұмсау қағидаттарын сақтамағаны анықталып,   өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «РУ-170/1 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі

 

Аудит қорытындысымен тапсырыс беруші баға ұсынысын сұрату тәсілімен хабарландыру жариялауда техникалық ерекшелікте ұлттық стандарттарды көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасын көрсетпеу арқылы жалпы сомасы 1093,7 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар жіберіп, аталған бұзушылықтар үшін  аудит нысанының лауазымды  тұлғасы «ескерту» түрінде тәртіптік жазаға тартылды.

 

 

«Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

Ішкі мемлекеттік аудит іс шараларымен  бұзушылықтар анықталмады.

Дата публикации
12 сентября 2020
Дата обновления
12 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы