ҚР ҚМ ІМҚА Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтау шеңберінде тұрақты негізде камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Департамент камералдық бақылау жүргізудің кіреберісінде Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жіберетін бұзушылықтарды анықтайды.
Мәселен, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 01 шілдедегі №106 Заңының 11-бабына сәйкес әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) тартылатын қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) мынадай біліктілік талаптары қойылады.
- құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;
- қаржылық тұрғыдан орнықты болуы және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
- банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;
- шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының болуы, сондай-ақ жұмыскерлер алдында жалақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
- жұмыс тәжірибесінің болуы.
Сонымен қатар, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсатын болуы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алудың жаңа заңына сәйкес тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) тартылатын қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы талап белгілеуге міндетті.
Алайда, мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кейде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоғарыда аталған заңнама нормаларын елемейді. Бұл әсіресе баға ұсыныстарын сұрау әдісімен процедураларды орындау кезінде жиі кездеседі.
Ұйымдастырушылар тарапынан лицензияны көрсетпеу сияқты елеусіз олқылықтар тиісті рұқсаты жоқ қызметтерді көрсететін, белгілі бір рұқсаттың (лицензияның) болуы талап етілетін жұмыстарды орындайтын жеткізушілерді таңдауға әкеледі.
Департамент камералдық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес мұндай бұзушылықтар анықталған жағдайда ұйымдастырушылардың атына бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді.
Мемлекеттік сатып алу заңдылығының мониторингі бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Бұзушылықты ерте кезеңде анықтау аудит объектілерінің әкімшілік жүктемесінің төмендеуіне және шарттардың заңсыз жасалуына әкеледі.