Департамент тарапынан Кербұлақ ауданының келесі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында жоспардан тыс аудит жүргізілді:
Аудит 2024 жылғы 1 маусым мен 2025 жылғы 31 наурыз аралығындағы негізгі құралдар, шаруашылық және өзге де тауарларды сатып алу бойынша шарттық міндеттемелерді орындаудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізілді.
Анықталған бұзушылықтар:
- 21 615,3 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар - негізгі құралдардың нақты болуын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру нәтижесінде: сатып алынған негізгі құралдар іс жүзінде қолда бар, алайда аудит жүргізу кезінде бухгалтерлік есепте көрсетілмеген.
- 476,1мыңтеңгесомағарәсімдіксипаттағыбұзушылықтар-негізгіқаражатТМҚшоттарынадұрысжатқызылмаған.Соныменқатар, ұзақ мерзімді активтер мен қорларды түгендеу кезінде сатып алынған негізгі құралдардың инвентарлық нөмірлері болмағаны анықталды. Бұл жағдай «Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларына» қайшы келеді, өйткені қағидаларға сәйкес инвентарлық нөмірлер активтерге олардың кәсіпорынға келіп түсуіне қарай реттік-сериялы жүйе бойынша беріліуі тиіс.
Қабылданған шаралар:
Аудит нәтижелері бойынша екі есепшіге қатысты бюджет кірісіне толық өндіріп алынған 393,3 мың теңге сомаға әкімшілік хаттамалар жасалды. Барлық алты есепші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.