Меню

Страницы

Статья

Әріптестер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік

Сыбайлас жемқорлық – бұл жай ғана заң бұзушылық емес. Бұл – мемлекеттің дамуын тежеуші, қоғамның сенімін шайқалтатын, азаматтардың әл-ауқатына көлеңке түсіретін қауіпті әлеуметтік дерт. Ол – үнсіз қалуға болмайтын, әркім қарсы тұруы тиіс ортақ жау.

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті сыбайлас жемқорлықпен күресті тек міндет емес, абыройлы миссия деп санайды. Осы бағыттағы жұмыстың маңызды бөлігі – мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін қатаң сақтау бойынша жоспарлы іс-шаралар. Бұл жоспар 2025 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және Комитет төрағасымен бекітілген.

Жоспар аясында өңірлік департамент қызметкерлерімен онлайн және офлайн форматтарда түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

2025 жылғы 28-30 сәуір аралығында Комитет төрағасының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ахметов Ренад Калидулович Шымкент, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы департаменттерде семинар-кеңестер өткізіп, мемлекеттік қызметтегі әдептілік пен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Кездесулер барысында ол нақты мысалдар арқылы түсінікті тілмен заң нормаларын түсіндіріп, қызметкерлердің сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Мұндай ашық диалогтар адалдыққа, әділдікке және кәсіби жауапкершілікке бағытталған орта қалыптастыруға сеп болды.

2025 жылдың басынан бері әдеп нормаларын бұзғаны үшін ешбір қызметкер тәртіптік жазаға тартылған жоқ. Бұл – адал еңбектің, дұрыс бағыттағы жұмыстың жарқын нәтижесі.

Бірінші тоқсанда Комитет пен оның өңірлік департаменттері 223 техникалық оқыту өткізді. Әрбір аудит жүргізуші тексеруге шығар алдында заңнаманы сақтау бойынша арнайы нұсқаулықпен танысып, тиісті түсіндірмеден өтеді.

Бүгінде Комитетте және оның барлық аумақтық құрылымдарында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаты берік орнықты. Бұған мына нақты жағдайлар дәлел:

- Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы А.Х. Берманова 2 миллион теңге көлеміндегі параны қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартып, бұл әрекет туралы дереу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлады. Пара оның қызметтік міндетін атқаруына кедергі келтірмеу үшін ұсынылған.-

- Маңғыстау облысы бойынша департаменттің сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы А. Жақсыбекқызы өзінің жеке есепшотына түскен 500 мың теңге көлеміндегі параны – яғни тексеру нәтижесіне оң әсер ету мақсатында аударылған соманы – көре сала, бірден құқық қорғау органдарына хабарлады.

Бұл – тек адалдықтың ғана емес, азаматтық батылдықтың айқын көрінісі. Бұл – болашақ ұрпаққа үлгі боларлық әрекет.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бұл тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың міндеті. Адал болу – таңдау емес, парыз. Әрқайсымыз әділетсіздікке бейжай қарамай, заң мен ар-ождан алдында адал болуымыз керек.

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік – бұл үнсіз наразылық емес, бұл – белсенді әрекет. Бұл – әділ қоғам құру жолындағы нақты қадам.

 

Дата публикации
31 июля 2025
Дата обновления
20 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы