Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2025 жылдың 1-ші жартыжылдығының атқарылған нәтижесі

        Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өткен мерзімінде тиісті жұмыстар жүргізілді.

            Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен 18 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: тізбеге сәйкес – 3, жоспардан тыс – 15, оның ішінде, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 5, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 10.

            Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 17-ның жалпы сомасы 11 961,7 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 9 556,2 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның 45,2 млн.теңгесі бюджетке өтелуге жатады (16,2 млн.теңге бюджетке өтелді, бұл 35,8%-ды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 769,4 млн.теңгесі (орындалған жұмыстар мен қызметтер есебінен қалпына келтірілгені – 677,8 млн.теңге, бұл 88,1%-ды құрайды), 8 741,6 млн. теңгесі - бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар (яғні 100%-ды құрайды), 2 405,5 мың.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 1 177,1 мың. теңге.

            Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 10 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,3 млн теңге бюджетке толығымен өтелді.

Одан бөлек, Департамент қызметкерлері тарапынан прокуратура органдарының материалдары бойынша жалпы сомасы 206,5 млн.теңгені құрайтын 8 қорытынды берілген. Барлық материалдар құқық қорғау органдарының талабымен берілді.

Дата публикации
30 июля 2025
Дата обновления
20 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы