Меню

Страницы

Статья

Астана қаласы бойынша 2025 жылдың І жартыжылдығына камералдық бақылау қорытындылары

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын іске асыру шеңберінде Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жалпы сомасы шамамен 1,9 трлн теңгені құрайтын 37 476 лот қамтылды.

Қамтылған сатып алулардың бағыттар бойынша бөлінісі келесідей:
– Бірінші бағыт бойынша – 18 880 сатып алу;
– Екінші бағыт бойынша – 4 064 сатып алу;
– Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 7 824 лот;
– Бір көзден сатып алу бойынша – 6 708 лот.

2025 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығындағы кезеңде тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылардың атына 755 бұзушылық туралы хабарлама жолданды. Олар келесі түрде бөлінді:
– Бірінші бағыт бойынша – 194 хабарлама;
– Екінші бағыт бойынша – 158 хабарлама;
– Бір көзден тікелей шарттар бойынша – 80 хабарлама;
– Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 259 хабарлама;
– Қосымша келісімдер бойынша – 47 хабарлама.

Камералдық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар бойынша тәуекел бейіндерінің талдауы мынадай нәтижелерді көрсетті:
– Тәуекел бейіні №1 – тапсырыс беруші тарапынан заңнамада көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу бойынша – 157 хабарлама;
– Тәуекел бейіні №23 – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заң мен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 11-бабын бұза отырып баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізу бойынша – 91 хабарлама;
– Тәуекел бейіні №7 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу жағдайлары.

Осылайша, камералдық бақылау барысында жиі кездесетін бұзушылықтар – бұл ұйымдастырушы мен тапсырыс берушінің конкурс (аукцион) құжаттамасында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарды белгілеуі, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнама талаптарының сақталмауы болып табылады.

Дата публикации
29 июля 2025
Дата обновления
20 октября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы