Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 252 әкімшілік іс қозғады.
Аталған істердің ішінен 228 іс Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (ӘҚБтК) сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды. Қарау нәтижесінде жалпы сомасы 29,2 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, оның 28,6 млн теңгесі өндіріп алынды, бұл әкімшілік жазаларды орындау тиімділігінің жоғары екенін көрсетеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 24 әкімшілік іс Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына арыздар негізінде әрі қарай қарауға жолданды.
Бұл статистика департаменттің мемлекеттік құрылымдарда заңдылықты, ашықтықты және қаржылық тәртіпті қамтамасыз етуге ұмтылысын көрсетеді. Басты мақсат – құқық бұзушылықтарды анықтап, оларды жою ғана емес, сонымен қатар олардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілер мен өзге де ұйым өкілдері арасында құқықтық сана-сезімді арттыру болып табылады.