Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың 1- жартыжылдығына арналған Астана қаласы бойынша ІМАД-нің қызметі туралы қорытындылар

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 34 аудиттік іс-шара өткізді. Тексерулер барысында 21,9 млрд теңге көлеміндегі бюджеттік қаражат қамтылды. Бұзушылықтар осы соманың басым бөлігін, яғни 15,7 млрд теңгені немесе тексерілген көлемнің 71,7%-ын құрады.

Департамент мемлекеттік аудит объектілеріне бұзушылықтарды жою туралы 30 нұсқама жолдады, оның 22-і толық көлемде орындалды, ал 8 нұсқаманың орындау мерзімдері өтпеген немесе түрлі объективті себептермен ұзартылған.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 6,11 млрд. теңгені құрады, ол жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткізу және есепке алу бойынша, сондай-ақ бюджетке қайтару үшін орындауға жатады. Осы бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралардың сомасы 5,02 млрд. теңге болды, бұл анықталған бұзушылықтардың 82,2%-ын құрайды.

Ең көп бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу саласында тіркелді — 5,9 млрд. теңге. Сондай-ақ, мемлекеттік мүлікті басқаруда (1,7 млрд теңге), ағымдағы шығындарды жүргізуде (1,83 млрд. теңге), инвестициялық жобаларды және концессиялық жобаларды іске асыруда (0,38 млрд. теңге) елеулі ауытқулар анықталды.

Әкімшілік жауапкершілікке 19 лауазымды тұлға тартылды, оларға жалпы сомасы 0,74 млн теңге айыппұл салынды. Аталған сома толық көлемде бюджетке түсті. Тәртіптік жауапкершілікке 22 қызметкер тартылды.

Дата публикации
28 июля 2025
Дата обновления
20 октября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы