Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы бойынша ІМАД 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жүргізілген камералдық бақылау қорытындылары

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылауды жүргізу қағидаларының 5-тармағына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 01 шілдедегі №106 Заңының 23-бабына сәйкес Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу объектісіне бармай-ақ мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру арқылы камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және жол бермеу, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын мемлекеттік аудит объектісіне беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалғанға дейін жүргізіледі.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында камералдық бақылау бөлімі жалпы сомасы 249,7 млрд. теңгеге 14 340 мемлекеттік сатып алуды (лоттарды) қамтыды.

Департамент 30.06.2025 жылғы жағдай бойынша қамтылған мемлекеттік сатып алулардан (лоттардан) жалпы сомасы 20,3 млрд.теңгеге 1216 лот бойынша бұзушылықтар белгіледі. Барлық белгіленген бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің атына камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберілді.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдеріне сәйкес камералдық бақылаумен анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар мынадай:

  • Конкурс (аукцион) - 400 хабарлама;
  • Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден - 258 хабарлама;
  • Баға ұсыныстарын сұрау - 558 хабарлама.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтың негізгі түрлері: конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде демпингтік бағаны заңсыз айқындау болып табылады; тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін заңсыз қолдану, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандартты көрсетпеу, қазақ тілінде техникалық ерекшеліктің болмауы, сатып алуды өткізу кезінде лицензияны (рұқсатты) көрсетпеу, әлеуетті өнім берушілерге заңда көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу.

Дата публикации
25 июля 2025
Дата обновления
25 июля 2025
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы