Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2025 жылдың 2 тоқсанында жалпы сомасы 396 млрд. 763 млн. теңгені құрайтын 8 457 мемлекеттік сатып алу лоттары қаралған.
Оның ішінде 423 лот бойынша (сомасы 16 млрд. 319 млн. теңге) бұзушылықтар анықталып, 423 хабарлама жолданды. Оның ішінде 192 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу, 1 хабарламаға сәйкес конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу арқылы, 230 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін лауазымды тұлғаларға 6 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 183 хаттама толтырылды.