Меню

Страницы

Статья

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылдың 1 жартыжылдығындағы қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар есебі

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 2025 жылдың I жартыжылдың қорытындысы бойынша 46 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 364,0 млрд теңгеге бюджет қаражаттары мен мемлекет активтері қамтылып, 34,1 млрд теңге сомаға бұзушылықтар анықталды.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде қаржылық бұзушылықтар 9,2 млрд теңгені, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 24,9 млрд теңгені құрады. Есепті кезеңде анықталған 9,2 млрд теңге көлеміндегі қаржылық бұзушылықтардың 8,2 млрд теңгесі өтеліп және қалпына келтірілді. Оның ішінде 63,7 млн. теңге бюджетке өтелсе, 8,1 млрд теңге тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және бухгалтерлік есепте көрсету арқылы қалпына келтірілді.

Есепті кезеңде департамент тарапынан 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10,7 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, толықтай бюджетке өндірілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 36 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дата публикации
22 июля 2025
Дата обновления
22 июля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы