2025 жылдың I жартыжылдығында Департамент 47 аудиторлық іс-шара жүргізді. Қаржылық есептілік аудиті мен мемлекеттік сатып алуларды есепке ала отырып, жалпы сомасы 10 млрд теңгеге жуық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
1 млрд 832 млн теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар;
6 млрд 711 млн теңге сомасында рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар;
1 млрд 534 млн теңге сомасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактілері.
Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес, анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 1 млрд 832 млн теңге қалпына келтіруге, есепке алуға және бюджетке өтеуге жатады. Оның ішінде 1 млрд 329 млн теңге немесе 72,5% көлеміндегі бұзушылықтар жойылды.
Есептік кезеңдегі аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде тексерілген субъектілерге бұзушылықтарды жою бойынша 38 нұсқама жолданды, олардың 23-і бүгінгі таңда орындалды.
Жол берілген бұзушылықтар үшін 26 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 290 хаттама жасалып, жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл салынды, оның 22 млн теңгесі немесе 91,7% бюджетке өндірілді.