Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2025 жылғы 1 жартыжылдықта 76 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның ішінде 74 іс-шара жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекетттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін, 2 іс-шара -республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қамтиды.
Қазақстан Республикасының заңнамасының сәйкестігіне аудиторлық іс-шаралар жүргізіліп жалпы сомасы 34,2 млрд. теңгенің бюджет қаражаттары мен мемлекет активтері қамтылып, жалпы сомасы 34,0 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтардың сомасы 1,9 млрд. теңге және рәсімдік бұзушылықтар 32,1 млрд. теңгені құрады.
Қаржылық есептілік аудиті бойынша жалпы сомасы 66,9 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтардың сомасы 55,2 млрд. теңге және рәсімдік бұзушылықтар 11,7 млрд. теңгені құрады.
Есепті кезеңде анықталған жалпы сомасы 57,1 млрд. теңге қаржылық бұзушықтардан 56,9 млрд. теңге өтелді және қалпына келтірілді, оның ішінде бюджетке 88,4 млн. теңге өтелді , 0,7 млрд. теңге тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы қалпына келтірілді және 56,1 млрд.тенге бухгалтерлік есебі бойынша қалпына келтірілді.
2025 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша камералдық бақылаумен 349,9 млрд. теңге соманың 12079 лоты мен жоспар тармақтары (қамту 98,3% құрайды) қамтылды, 482 лот бойынша 11,6 млрд.теңгеге бұзушылықтар аңықталды.
2025 жылдың 1 жартыжылдығында Департаментке «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы барлығы 648 өтініш келіп түсті, соның ішінде 602 өтініш қаралды, оның ішінде 195 өтініш әкімшілік рәсімдер барысында қарастырылды, 344 өтініш оайтылған рәсімдер бойынша, 63 өтініш -шағым қайта бағытталды және 46 өтініш қаралу үстінде.
Департамент тарапынан есепті кезеңде 75 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 150 хаттама толтырылды.
Салынған әкімшілік айыппұл сомасы 12,1 млн. теңге толығымен бюджетке өндірілді.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 99 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, басшылардың орынбасарлары, бөлім басшылары, бас бухгалтерлер, бас мамандар және басқалары.