Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2025 жылдың 1 жартыжылы ішінде қаралуға жатқан жалпы сомасы 668,6 млрд теңгені құрайтын 17 352 мемлекеттік сатып алу лоттарының 647,5 млрд. тенге құрайтын 17 057 лоттары қаралды.
1 697 лот бойынша (9,9%) сомасы 68,2 млрд.теңге құрайтын бұзушылықтар анықталып, 1 599 лотқа (сомасы 57,2 млрд. теңге) хабарлама жолданды. Оның ішінде 163 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу, 292 хабарлама бойынша конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу, 1 103 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою, 41 хабарлама бойынша қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру.
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін лауазымды тұлғаларға 13 хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 10 хаттама толтырылды.