Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылдың 1 жартыжылдығындағы аудиторлық іс-шараларының қорытындысы.

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2025 жылдың 1 жартыжылдығында 26 аудиторлық іс-шара, оның 6-ы электрондық аудитпен, оның ішінде 2024-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 8 аудиторлық іс-шара және жоспардан тыс аудитпен 18 аудиторлық іс-шара өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы  6236,0 млн.теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 1017,3 млн.теңге өтелуге және қалпына келтіруге жатады.

            Қабылданған шаралар бойынша 522,4 млн.теңге қалпына келтірілді және бюджетке өтелді, оның ішінде: есепке алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу арқылы 487,1 млн.теңге қалпына келтіріліп, 35,3 млн.теңге бюджетке өтелді.

            Аудиторлық іс-шараның нәтижесінде 30 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.

            Бұзушылықтардың негізгі үлесін мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы, еңбекақыны, іссапар шығындарын және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу қағидаларын бұзуға тиесілі.

            Бұзушылықтар лауазымды тұлғалар тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығынан, кейбір жағдайларда бухгалтерлердің біліктілігінің төмендігінен, қызметкерлердің лауазымдық жалақысын есептеу үшін дұрыс коэффициенті қолданбауынан, мердігерлердің құрылыс нормаларын сақтамауынан, тапсырыс берушiнiң мердiгердiң жұмысына тиiсiнше мониторинг жасамауынан және бақыламағандығынан, шарттық мiндеттемелердiң тиiсiнше орындалмағандықтары себепкер болып табылады.

            Мысалы, «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қаржылық есептілік аудиті және Ақтоғай ауданының 2 білім беру мекемесінде мемлекеттік аудит объектісінің қаржылық есептіліктің дұрыстығына, негізділігіне, бухгалтерлік және қаржылық жағдайына қарсы тексеру жүргізу барысында жалпы сомасы 89619,2 мың.теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда: бухгалтер лауазымын біріктіру үшін ерекше еңбек жағдайлары үшін 10% үстемеақы бөлігінде және жалпы жұмыс көлемінің 1,5 ставкадан асуы нәтижесінде жалпы сомасы 8 773,9 мың.теңге жалақыны артық төлеуге; 2018 жылдан бастап мекеменің шотында конкурстық өтінімді және мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың талаптарын қамтамасыз етуге енгізілген қаражат – 4863,4 мың. теңге; азық-түлік тауарларын сатып алуға жұмсалған шығыстар – 2579,8 мың.теңге, тиісті кезеңге бекітілген Жоспарда көзделмеген; көлік құралының жүрісі белгіленген лимиттен асып кетуіне байланысты жанар-жағар майдың артық есептен шығаруы – 242,6 мың.теңге; жол жүру және тамақтану шығындарын артық төлеу – 1,1 мың.теңге; 5 қызметкердің 2023 жылғы желтоқсандағы жалақысын қайтару сомасы бюджетке аударылмаған – 486,5 мың.теңге; Аудандағы 18 мектептен жұмыстан босатылған 35 қызметкердің еңбекақысы бойынша дебиторлық қарызы бар – 323,3 мың.теңге.

            Бухгалтерлік есеп бойынша бұзушылықтар анықталды: жаңа жылыту қазандықтарын орнатқаннан, терезе-есік блоктарын орнатқаннан кейін негізгі құралдардың баланстық құны 72 294,6мың.теңгеге өсірілмеген «K2.Бюджет» бағдарламалық қамтамасыз ету 2730 «Өзге де материалдық емес активтер 54,0мың.теңге сомасында есепке алынбаған.

            Сонымен қатар жалпы сомасы 112657,8мың.теңгені құрайтын процессуалдық бұзушылықтар анықталды.

            Сондай-ақ, «Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығы» ММ-де жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға Приозерск қаласы әкімінің мемлекеттік гранттарын беру кезінде бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша сәйкестік аудиті барысында грант алушы А.Б. Ерназаровтың бюджет қаражатын негізсіз пайдалануы, Приозерск қаласында өзіне-өзі қызмет көрсететін автожуу орнын ашу бойынша мақсатты бизнес-жобаның іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша міндеттемелерді орындауға бюджет қаражаты 6500,0 мың.теңге сомасында бөлінбеген.

            Департаментпен тұрақты түрде заң бұзушылықтар сомасын толық өтеу және қалпына келтіру және кінәлілерді жазалау бойынша заңнамада көзделген барлық шараларды қабылдайды.

 

                                                                                        

Дата публикации
14 июля 2025
Дата обновления
17 июля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы