Меню

Страницы

Статья

Ағымдағы жылдың басынан бері ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 11,9 миллиард теңгеден астам сомаға бұзушылықтарды анықтады

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 22 аудиттік іс-шара өткізді, олардың ішінде: 1 (бір) іс-шара тізім бойынша және 21 жоспардан тыс тексеру. Бұл жоспардан тыс тексерулердің 5-уі Комитеттің тапсырмасы бойынша, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректерін мониторингтеу нәтижелері бойынша 6, 10 заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жүргізілді.

Аудиторлар жалпы сомасы 11,9 млрд теңгеге бұзушылықтарды анықтады. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 9,6 млрд теңгені, ал рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 2,4 млрд теңгені құрады.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке қалпына келтіру және өтеуге жататын 9,6 млрд теңгеден аудит барысында және қабылданған шаралармен 694 мың теңге қалпына келтіріліп, бюджетке өтелді, бұл жалпы соманың 14,5%-ын құрайды.

Аудиттік іс-шаралардың нәтижелері бойынша тексерілген ұйымдар мен мекемелердің 9 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік жауапкершілікке 1 лауазымды тұлға тартылып, оларға 118 мың теңге айыппұл салынды, бұл айыппұлдар толық көлемде бюджетке өтелді.

Осылайша, Департамент ұйымдардағы қаржылық және рәсімдік тәртіпті бақылауды күшейте отырып, анықталған бұзушылықтарға уақытылы ден қоюдың маңыздылығын, қаржылық шығындардың алдын алу және мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз етуді ерекше атап өтті.

 

Дата публикации
14 июля 2025
Дата обновления
15 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы