Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметіне шолу

2025 жылдың I жартыжылдығында Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 39 аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Анықталған бұзушылықтар

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 39 028 694,1 мың теңгеге бюджеттік заңнаманы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

  • Қаржылық бұзушылықтар – 33 826 248,0 мың теңге;
  • Процедуралық сипаттағы бұзушылықтар – 5 202 446,1 мың теңге.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының бұзылуы 3 454 741,0 мың теңге сомасына анықталды, оның ішінде:

  • Мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне әсер ететін бұзушылықтар – 3 318 042,3 мың теңге.

Қабылданған шаралар

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде:

  • Бюджетке қайтарылуға, өтелуге және есепке алынуға тиіс 33 826 248,0 мың теңгенің ішінен 33 673 157,4 мың теңге қалпына келтірілді, өтелді және бухгалтерлік есепте көрсетілді.
  • Аудит нәтижесі бойынша 34 ұйғарым жолданды, оның ішінде:
    • 8 ұйғарымның орындалу мерзімі сот шешіміне дейін ұзартылды;
    • 2 ұйғарым бойынша мерзімдер ұзартылды;
    • 5 ұйғарым бойынша мерзімі әлі басталған жоқ;
    • 19 ұйғарым толық көлемде орындалды.

43 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдарына жіберілген материал

Іс жүргізу шараларын қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 1 аудит материалы жіберілді:

  • Атап айтқанда, Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Құсмұрын жылытуэнергетикалық компаниясы" МКК бойынша жалпы сомасы 11 611,5 мың теңгеге кәсіпорын қызметкерлеріне негізсіз жалақы төлеу және негізгі құралдардың жетіспеушілігі фактілері анықталды.
  • Аталған факті бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1 және 3-тармақтарына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Камералдық бақылау нәтижелері

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау шеңберінде:

  • Жалпы сомасы 10 194 169,4 мың теңгеге 1362 хабарлама жіберілді;
  • Оның ішінде 1342 хабарлама орындалып, 10 118 617,7 мың теңге сомасындағы бұзушылықтар жойылды.

 

 

Қостанай облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

 

Дата публикации
10 июля 2025
Дата обновления
10 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы