Қостанай облысы әкімдігінің ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында жоспарлы аудит іс-шара жүргізіп, бірқатар қаржылық және рәсімдік бұзушылықтарды анықтады.
Тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 3 684,8 мың теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар тіркелді. Оның ішінде:
Аудит кезінде мекеме анықталған қаржылық бұзушылықтарды толығымен жойған.
Аудит қорытындысы бойынша мекемеге бұзушылықтарды жою, оларға жол берген қызметкерлердің жауапкершілігін қарау және бюджетке 20,1 мың теңге айыппұл сомасын өтеу туралы ресми ұйғарым жолданды.
Мекеме берген жауапқа сәйкес, көрсетілген сома жергілікті бюджетке толық көлемде өтелді. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне ескерту және сөгіс түрінде тәртіптік шаралар қолданылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабына сәйкес, мекеме басшысы қысқартылған іс жүргізу тәртібімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлды толық көлемде төледі.
Қостанай облысы бойынша ішкi мемлекеттiк аудит департаментi