Меню

Страницы

Статья

Жекелеген бағыттарды оңтайландыру арқылы камералдық бақылау институтына жаңа тәсілдер

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті уәкілетті органның қызметіне тікелей және жанама қатысты қызмет пен нормативтік-құқықтық актілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, оларды өзектендіріп отырады.

Осы ретте, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң қабылданып, мемлекеттік сатып алу нәтижелерін шағымдану процесінде мемлекеттік аудит органдарының рөлі едәуір өзгертілді.

Осыған байланысты Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен бірлесіп, камералдық бақылау жүргізу қағидаларын өзектендіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, сатып алу нәтижелеріне шағымдарды қарау функциясы алынып тасталды, үшінші және төртінші бағыттар бойынша 11 тәуекел профилі қысқартылды.

Қазіргі уақытта Комитет камералдық бақылау процесін оңтайландыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Атап айтқанда, адам факторын болдырмау мақсатында бірқатар функцияларды автоматтандыру, мемлекеттік сатып алу веб-порталында форматтық-логикалық бақылау орнату және өзге ақпараттық жүйелермен интеграция жасау бойынша ұсыныстар әзірленуде. Бұл бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде автоматты түрде анықтап, оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Камералдық бақылау үдерістерін үздіксіз жаңғырту веб-порталды автоматтандыруға, жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жақсартуға бағытталған.

Дата публикации
30 июня 2025
Дата обновления
30 июня 2025
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы