Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің (бұдан әрі - ІМАД) аудиторлық іс - шара материалдарына мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын (бұдан әрі - Стандарттар) және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) сақталуына екінші деңгейдегі сапа бақылауы тұрақты негізде жүргізеді.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында сапа бақылауымен 200-аудит материалдары қамтылды, оның ішінде 10-материал Cтандарттар мен Қағидаларға сәйкес келмейді. Бұл ретте, 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сәйкес емес аудит материалдарының үлесінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 200 материалдың жалпы санының 17 - материалдары Стандарттар мен Қағидаларға сәйкес келмесе, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 10-материал Стандарттар мен Қағидаларға сәйкес емес деп танылды. Осылайша, сәйкес емес аудит материалдарының үлесі 3,5% - ға төмендеді.
Қағидаларға сәйкес екінші деңгейдегі сапаны бақылауды жүргізу үшін аудиторлық іс шараларды іріктеу мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
- мемлекеттік аудит объектілерінің жеке және заңды тұлғаларының өтініштері мен шағымдарының болуы;
- ТБЖ/ҚБ кіші жүйесі арқылы жүзеге асырылатын, іріктеу жүргізген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін талдау;
- ҚР ҚМ апелляциялық комиссиясының ұсынымдары.
Азаматтардың өтініштері негізінде аудиторлық іс-шараның 1 материалы бойынша сапа бақылауы жүргізілді, оның нәтижелері бойынша бұл материал Стандарттар мен Қағидаларға сәйкес емес деп танылды.
ҚР ҚМ апелляциялық комиссиясының шешіміне сәйкес 10-аудит материалдары бойынша сапаны бақылау жүзеге асырылды, қорытындысы бойынша 6-материал Стандарттар мен Қағидаларға сәйкес емес деп танылды. Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша сапаны бақылау (іріктеу ТБЖ/ҚБ кіші жүйесі арқылы жүзеге асырылған) 3-аудит материалы Стандарттар мен Қағидаларға сәйкес келмейді деп танылды.
Алдын алу шаралары мақсатында Комитет ай сайын сапаны бақылау нәтижелерін, тоқсан сайын шолу хаттарын жолдайды, онда аудиторлық іс-шараларды өткізу кезінде жол берілмейтін жекелеген фактілер көрсетіледі, сондай-ақ Стандарттар мен Қағидалардың талаптарын сақтамаған ІМАД лауазымды тұлғаларының тәртіптік жауапкершілігін қарау тапсырылады. Сонымен бірге. Комитет ағымдағы жылдың 6 айында Стандарттарды сақтау мәселесі бойынша 4 ІМАД-де тексерулер жүргізді. Осы тексерулер шеңберінде ІМАД мемлекеттік аудиторларының қатысуымен техникалық оқу ұйымдастырылды, онда екінші деңгейдегі сапаны бақылау қорытындыларында атап өтілген кемшіліктер мен ескертулер талқыланды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында тағы 6 ІМАД-да тексерулер жүргізу көзделіп отырғанын атап өтеміз.