Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі – Департамент) білім беру, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау, мәдениет және ішкі саясат салаларында жалақы төлемдеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.
Осылайша, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 1 066,0 млн теңгені құрайтын 4 153 жағдай бойынша 214 жауап шаралары жөнінде хат жолданып, оның ішінде 8,8 млн теңге сомасында тәуекелдер расталды. Анықталған бұзушылықтардың 6,6 млн теңгесі өтелді. Қалған өтелмеген сома 2,2 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар, онлайн-бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша Департаментпен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы КММ-нің Шал ақын ауданы білім бөлімі КММ-нің «Өркен өнер мектебі» КММ-сінде (бұдан әрі – Мекеме) аудиторлық іс-шара жүргізілді. Аудит барысында қызметкердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі дұрыс есептелмегені анықталып, бұл жалақының артық төленуіне әкелген, сондай-ақ, еңбек жағдайларының ерекшелігі үшін 10% мөлшерінде үстемақы негізсіз есептелген. Аудит нәтижесінде бюджетке 2 087,6 мың теңге көлемінде өтелуге жататын қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жолданды. Қазіргі уақытта Мекеме бюджетке 181,6 мың теңгені ішінара өтеді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.