Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысында мемлекеттік аудит нәтижесінде 1,8 млрд теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану алдын алынды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспары аясында Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын толық әрі уақтылы игеруін қамтамасыз ету, бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және жою, сондай-ақ ішкі процестердің тиімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Барлық аудиттік іс-шаралар тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген және тек бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, олардың себептерін жоюға да бағытталған. Әсіресе бюджет қаражатын тиімсіз және негізсіз пайдалану фактілерінің алдын алуға ерекше назар аударылады. Бұл мақсатта қазынашылық органдары әзірлеген тәуекелдер профиліне сәйкес тәуекелді төлемдер мен шарттарға талдау жасалады.

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында жалақы төлеуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалану бақылауын күшейту мақсатында Ішкі мемлекеттік аудит комитеті «Онлайн бюджет мониторингі» модулінің функционалын кеңейтті. Бұл бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен мониторингінің жеделдігін арттырды.

2025 жылғы 1 қаңтардан 25 маусымға дейінгі кезеңде Департамент аталған модуль арқылы жалақы төлемдерін мониторингтен өткізіп, жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге жуық 5 090 тәуекелді төлем бойынша 284 хабарлама жолдады. Оның ішінде:

  • білім беру саласы бойынша — 1,6 млрд теңге сомасына 4 577 төлем бойынша 212 хабарлама;

  • дене шынықтыру және спорт саласы бойынша — 116 млн теңге сомасына 279 төлем бойынша 32 хабарлама;

  • мәдениет саласы бойынша — 46 млн теңге сомасына 177 төлем бойынша 26 хабарлама;

  • денсаулық сақтау саласы бойынша — 26 млн теңге сомасына 57 төлем бойынша 14 хабарлама жолданды.

Қабылданған шаралар бюджет қаражатын негізсіз төлеу фактілерінің жолын кесіп қана қоймай, мемлекеттік органдарда бюджет қаражатын адал әрі ұтымды басқару мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Департамент алдағы уақытта да Ақмола облысы тұрғындарының игілігі үшін бюджет қаражатын ашық әрі тиімді пайдалану бойынша жұмысын жалғастырады.

 

Дата публикации
26 июня 2025
Дата обновления
26 июня 2025
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы