Меню

Страницы

Статья

Астана қаласындағы №2 арнайы мектепте аудит жүргізіліп, 30 миллион теңгеден астам сомаға бұзушылықтар анықталды

Бюджеттік қаражатты тиімді әрі мақсатты пайдалану бойынша жүйелі бақылау жұмысы аясында Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Астана қаласы әкімдігінің «№2 арнайы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудиттік іс-шара жүргізді.

Тексеру Ішкі мемлекеттік аудит комитеті тарапынан білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы бақылауды күшейту мақсатында функционалы кеңейтілген «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің деректері негізінде жүзеге асырылды.

Астана қаласындағы №2 арнайы мектепте жүргізілген аудит нәтижесінде жалпы сомасы 30 466,9 мың теңгені құрайтын заңбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық заңбұзушылықтар – 13 543,4 мың теңге, рәсімдік заңбұзушылықтар – 16 923,5 мың теңгені құрады.

Анықталған негізгі заңбұзушылықтар:

Уақытша еңбекке жарамсыздық және еңбекақы сақталмайтын демалыс кезеңдерінің дұрыс көрсетілмеуі салдарынан 124,4 мың теңге мөлшерінде негізсіз төлемдер, сондай-ақ 24,4 мың теңге сомасында жалақыны толық төлемеу жағдайы тіркелді.

Бас бухгалтерге белгіленген шекті мөлшерден артық қосымша міндеттер жүктеліп, негізсіз қосымша ақы мен үстемақылар төленгені анықталды. Атап айтқанда, бухгалтерге экономист лауазымы бойынша және қызмет көрсету аймағын кеңейткені үшін қосымша төлемдер берілген. Артық төленген жалпы сома — 10 549 мың теңге.

Лауазымдық еңбекақының 50%-нан асатын аванстардың берілуі қаржылық тәртіпке қайшы келеді. Анықталған артық төлемдердің жалпы сомасы — 16 899,2 мың теңге.

Бюджеттік қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуы орын алған: тамақтандыруға  арналған қаражат ынталандыру төлемдеріне жұмсалған. Бұл бұзушылықтың сомасы — 2 870,0 мың теңге.

Аудиттік іс-шара қорытындысы бойынша Астана қаласының №2 арнайы мектебіне анықталған бұзушылықтарды жою және жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарау туралы нұсқама жолданды.

Аталған жағдай бюджеттік қаражатты заңды, ашық және есепті түрде пайдалануды қамтамасыз ету ісінде «Онлайн бюджеттік мониторинг» цифрлық құралының тиімділігін айқын көрсетіп отыр.

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік секторда ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыра отырып, бұзушылықтардың алдын алуға және қаржылық тәртіп деңгейін арттыруға ерекше назар аударатын болады.

 

Дата публикации
26 июня 2025
Дата обновления
26 июня 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы