Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстандағы мемлекеттік аудит: 7,7 млрд теңге көлеміндегі заңбұзушылықтар анықталып, жойылды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ҚР ҚМ КВГА, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептіліктің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайын аудит жүргізеді (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан басқа).

2024 жылы Департамент екі бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізіп, 58,1 млрд теңге көлеміндегі баланс валютасын қамтыды:

  • ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы – 12,2 млрд теңге;
  • ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 45,9 млрд теңге.

Аудиттің мақсаты – бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің шынайылығын негізді түрде растау.

Аудит ілеспе режимде жүргізілді, бұл қаржылық есептіліктің шынайылығын қамтамасыз етіп, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне ықпал етті.

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бойынша 7,7 млрд теңге көлеміндегі елеулі бұрмалаулар жойылып, 2024 жылғы қаржылық есептілікке енгізілді. Атап айтқанда:

  • 2,7 млрд теңге – аудандарға мақсатты трансферттер есебінен жіберілген, бірақ мақсатты пайдалануды растайтын есептер ұсынылмаған;
  • 5 млрд теңге – ішкі қарыз ретінде алынған, алайда есептілікте көрсетілмеген.

ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы бойынша 30,4 млн теңге сомасында елеусіз бұзушылықтар анықталды:

  • 80 мың теңге – жетіспеушілік;
  • 30 млн теңге – бухгалтерлік есеп шоттары бойынша активтерді дұрыс емес жіктеу;
  • 300 мың теңге – тиісті құжаттық рәсімдеусіз шығыстар.

Аудит қорытындысы бойынша барлық бұзушылықтар жойылды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шынайы қаржылық есептілік жасап, оң аудит қорытындысы алынды.

Осылайша, 2024 жылғы қаржылық есептілікке аудит жүргізу нәтижесінде:

  • қаржылық есептіліктің шынайылығы қамтамасыз етілді;
  • бухгалтерлік есеп сапасы жақсарды;
  • қаржылық бұзушылықтар төмендеді:
    • 82,8% – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында;
    • 69,5% – дене шынықтыру және спорт басқармасында.
Дата публикации
25 июня 2025
Дата обновления
26 июня 2025
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы