Комитет Қостанай облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметінің 2024 жылға арналған жоспарлы қызметін бағалаудың қорытындысын шығарды.
Жоспарлы бағалау нәтижелері бойынша Қызметтің тиімділігі орта деңгейден жоғары деп бағаланды – 70%.
Атап айтқанда, Қызмет жұмысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Олар кейбір аудиттік іс-шараларды дайындау және өткізу деңгейінің жеткіліксіздігімен, сондай-ақ бұған дейін берілген ұсынымдардың жеткіліксіз орындалуымен көрініс тапты.
Комитет Қызметтің кадрлық әлеуетін (оның ішінде белгіленген лимиттер шегінде штат санын арттыру арқылы) күшейтуді және оны өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалық мәселелеріне жедел ден қоя алатын әрі тиімді ұсынымдардың іске асырылуын қамтамасыз ететін ішкі бақылау жүйесінің пәрменді тетігі деңгейіне көтеруді ұсынды.
Сонымен қатар, жоспарлы бағалау аясында Комитеттің мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимыл басқармасының өкілдері өңірде аудиттік іс-шаралардың сапасын арттыру мәселелері бойынша құқықтық оқыту өткізді. Оған Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері де қатысты.