Меню

Страницы

Статья

Нәтижелері бар Аудит, 83,76 млн. теңге бюджетке қайтарылды

Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті онкологиялық көмек көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалану кезінде мемлекеттік аудит объектісі тарапынан Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасының талаптарын сақтау мәселесі бойынша ішкі мемлекеттік аудит жүргізді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік аудиттің негізгі мақсаты — бюджет қаражатын, мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабында әрбір азаматтың денсаулығын сақтау құқығы бекітілген.

Аудит барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Қазақстан Республикасы халқының онкологиялық көмегін ұйымдастыру стандарты туралы» және «Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық қызметтер көрсететін субъектілердің қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарының талаптарына қарамастан:

  • рұқсат құжаттары жоқ мамандардың медициналық қызметтер көрсетуі;

  • көрсетілген медициналық көмектің көлемі аурудың ауырлық дәрежесіне сәйкес болмауы;

  • бір стационардың бөлімшелері арасында ауыстыру кезінде науқастарды шығарылғаннан кейін 3 күн ішінде қайта жатқызу фактілері анықталды. Бұл ретте бұл жағдайлар екі бөлек жатқызу ретінде рәсімделіп, соған сәйкес ақы төленген.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша аудит объектісіне 83,76 миллион теңге бюджетке қайтарылуға тиіс соманы өндіру жөнінде нұсқама берілді. Ақмола облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Департаменттің нұсқамасы заңды күшінде қалдырылды. Қазіргі таңда аудит объектісі нұсқаманы орындап, көрсетілген қаражатты республикалық бюджетке толық көлемде қайтарды.

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу Қазақстан азаматтарының қауіпсіз, тиімді әрі сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді. Жүргізілген аудит осы қағидаттарды нығайтуға және мемлекет қаржысын ашық әрі мақсатты пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2025
Дата обновления
26 июня 2025
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы