Меню

Страницы

Статья

Жүргізілген қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері

Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті  қаржылық есептілігіне жүргізілген аудиттің нәтижесі 2025 жылдың өткен кезеңінде Ақмола облысының 2 ұйымында қаржылық есептілік аудитін аяқтады, атап айтқанда:

- "Ақмола облысының білім басқармасы" ММ-сі, аудандардың ведомстволық бағынысты білім беру бөлімдерін үстеме қаржылық есептілік аудит қамтыды.

- "Зеренді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ.

Аудит барысында Ақмола облысының білім басқармасының ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында  дебиторлық және кредиторлық берешектердің (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді), қорлардың, ұзақ мерзімді активтердің (негізгі құралдар, материалдық емес активтер, аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар), ақша қаражаттары мен олардың баламаларының дұрыстығы мәселелері бойынша үстеме тексерулер жүргізілді.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 2 275,3 млн. теңгеге бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде ауытқулар мен қателер анықталды:

  • - қаржылық бұзушылықтар – 166,9 млн. теңге, оның ішінде бюджетке өтелуге жататын 8,7 млн. теңге,
  • - процедуралық бұзушылықтар - 2 108,4 млн.теңге сомасына.

Жоғарыда көрсетілген кемшіліктер негізінен қаржылық инвестициялар сомаларын көрсетпеу немесе дұрыс есепке алмау, активтерді дұрыс жіктемеу, бухгалтерлік есепте қаржылық операцияларды уақтылы жүргізбеу салдарынан жіберілді.

Өкінішке орай, аудит материалдары облыстың бірқатар аудандары мен қалаларында мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор объектілері көбінесе бухгалтерлік есепті жүзеге асырады және қаржылық есептілікті қалыптастырады, оның ішінде көптеген қателіктермен консалидацияланған. Есептерді көптеген бұзушылықтар мен бұрмалауларға жол бере отырып, жоғары тұрған басқару органдары мен қаржы органдарына жылдық және жартыжылдық есептерді қалыптастырады.

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 июня 2025
Дата обновления
25 июня 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы