Меню

Страницы

Статья

Ұлытаудағы камеральдық бақылау: 2025 жылдың І жартыжылдығындағы цифрлық тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен қарастырылған функцияларын орындау аясында, Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (Департамент) мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру жолымен, мемлекеттік аудит объектісіне шықпай камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтарды болдырмау және уақытында оның алдын алу, сонымен қатар мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру болып табылады.

2025 жылдың 6 айында 3542 лотты жалпы сомасы 133 млрд. теңгеге камералдық бақылаумен қамтылып, оның 339 лот бойынша жалпы сомасы 5,0 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталып, мемлекеттік аудит объектілеріне хабарламалар жолданылды, олар белгіленген мерзімдерде орындалды. 

Анықталған бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу тәсілдері бойынша, келесідей көрініс тапты:

- Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден – 46 хабарлама;

- Баға ұсыныстарын сұрату – 209 хабарлама;

- Ашық конкурс – 84 хабарлама;

Осылайша, анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі бір көзден тікелей шарт жасасу жолымен заңсыз қолданылу, баға ұсыныстарын сұрату тәсілінде тауар таңбаларын көрсету және техникалық ерекшелік қазақ тілінде жарияланбау, сатып алынатын тауарлардың стандарт көрсетпеу бөліктерінде орын алды.

Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында, Департамент тарапынан тапсырыс беруші және ұйымдастырушыларға тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәлімет беріліп отырады.

Дата публикации
20 июня 2025
Дата обновления
20 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы