Меню

Страницы

Статья

Төтенше жағдаймен ақталған заңсыз келісімшарттар: Петропавлда ТКШ бөлімінің басшысы 3,1 млн теңге айыппұл төледі

Сегіз тікелей келісімшарт, 600-ден астам ағаш құрылыс және ТЖ режімімен ақталу – Петропавл ТКШ бөлімінің басшысы заң бұзды деп танылды

Петропавл қаласы ТКШ бөлімінің міндетін атқарушысы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзды деп танылып, 3,1 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл шешімді әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот қабылдады.

Сот Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 207-бабы 18-бөлігі бойынша бірден 8 эпизодты қарады. Барлығы – заңда белгіленген тәртіптерді айналып өтіп, тікелей, конкурссыз жасалған келісімшарттар.

2024 жылы жасалған келісімшарттардың қатарында:

  • «OLIVIN Lighting» ЖШС-мен – телемұнараларға жарықдиодты жабдық орнату бойынша;

  • «Қызылжар-Су» ЖШС-мен – еріген және жаңбыр суларын сору бойынша;

  • 6 жеке кәсіпкермен – Бирлик шағын ауданындағы тұрғын үйлер маңына ағаш шаруашылық құрылыстарын орнату бойынша келісімдер бар. Жалпы саны – 600-ден астам құрылыс.

Алайда, сот бұл жұмыстарды төтенше жағдайдың салдарын жою шараларына жатпайды деп тапты. Демек, оларды тікелей келісімшартпен жүзеге асыруға заңды негіз болмаған.

Сот қаулысында:
«Бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы мемлекеттік сатып алу заңда көзделмеген жағдайда жүзеге асырылған» — деп жазылған.

«OLIVIN Lighting» және «Қызылжар-Су» ЖШС-мен келісімшарттар бұзылып, жұмыстар орындалмаған. Бұл келісімдер бойынша бюджетке 438 млн теңгеден астам қаржы кері қайтарылған. Осы екі жағдайға қатысты сот жеңілдік жасап, тек ескерту берген:
«…құқықбұзушылықтың болмашы сипатын ескере отырып, ауызша ескерту жасау жеткілікті деп шешілді».

Ал жеке кәсіпкерлермен жасалған 6 келісімшарт бойынша жұмыстар толық орындалғандықтан, сот оларды заңсыз деп таныды. Бұл бұзушылықтар бұған дейін аудит барысында да анықталған.

Шенеуніктің өзі кінәсін мойындап, бұл жұмыстар 2024 жылғы 4 сәуірде енгізілген төтенше жағдай режімінде жүргізілгенін айтқан. Оның сөзінше, Бирлик ауданында демеушілік қаражат есебінен тұрғын үйлер салынған, алайда шаруашылық құрылыстарға қаражат жетпей, әкімдік резервінен көмек сұралған.

Дегенмен, сотқа ұсынылған құжаттар мұндай сатып алуды тікелей тәсілмен жүргізуге құқық бермейтінін көрсетті.

Нәтижесінде шенеунікке 3,1 млн теңге айыппұл салынды. Әр заңбұзушылық үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Жалпы айыппұл 4,43 млн теңгені құрағанымен, өз еркімен төлеу арқылы 30% жеңілдікпен 3 101 280 теңге көлемінде айыппұл белгіленді. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Дата публикации
20 июня 2025
Дата обновления
20 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы