Меню

Страницы

Статья

Шелек әкімдігі бюджет қаржысын бақылаусыз жұмсаған

Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылдық округі әкімдігінде жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит — жергілікті басқару органдарындағы қаржылық тәртіптің әлсіздігін ашып көрсетті. 2023 жылдың соңғы тоқсанына жүргізілген тексеру барысында жалпы сомасы 9,9 млн теңгеден астам бюджет қаражатына қатысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

Аудит нәтижесінде әкімдік бухгалтерлік есеп жүргізу талаптарын сақтамағаны белгілі болды. Ұзақ мерзімді активтер толық көлемде есепке алынбаған. Бұл жылдық қаржылық есептің бұрмалануына әкеліп, мекеменің нақты мүліктік және қаржылық ахуалы жасырын қалған.

Бұдан да сорақысы — мердігермен жасалған келісімшартқа байланысты заңсыздық. 2023 жылғы қарашада әкімдік пен жеке кәсіпкер арасындағы келісім бойынша саябаққа автоматты суару жүйесі орнатылуы тиіс еді. Алайда жұмыс толық орындалмаса да, 2,3 млн теңге төлем жасалған. Яғни көрсетілмеген қызмет үшін мемлекет қаражаты негізсіз жұмсалған.

Аудит қорытындысы бойынша әкімдікке анықталған заңбұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөнінде нұсқама берілді. Сонымен қатар, болашақта мұндай олқылықтарға жол бермеу үшін түсіндіру және оқыту шараларын өткізу ұсынылды.

Мекеме 2025 жылдың 6 мамырына дейін қабылданған шаралар туралы есеп беруге міндетті. Бұл жағдай – әрбір мемлекеттік теңгенің есепте болуы тиіс екенін және қаржылық тәртіптің бұзылмауы үшін бақылау тетіктері үздіксіз жұмыс істеуі керек екенін тағы бір мәрте еске салды.

Дата публикации
17 июня 2025
Дата обновления
17 июня 2025
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы