Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік аудиттің материалдарының сапасын бакылаудың негізгі принциптері

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының басшылары мемлекеттік аудиторлар өз қызметі барысында жасайтын құжаттарды тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің тиісті қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан тұрақты түрде тексерулер жүргізу арқылы сапа бақылауын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Сапа бақылауына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиториялық, сараптамалық-талдау қызметінің барлық кезеңдері, мемлекеттік аудиторлардың барлық қызметі, оның ішінде құқық қорғау органдары және сот мамандар ретінде тартқан мемлекеттік аудиторлар жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша берілген материалдар (қорытындылар) жатады.

Сапа бақылауын жүргізу қажеттілігі мен мерзімділігі, оның ішінде мемлекеттік аудит нәтижелерін қайта тексеру қажеттілігі, сондай-ақ сапа бақылаудың жеделдігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында оны жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің тиісті қағидаларында айқындалған тәртіппен айқындалады.

Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің құжаттарының сапасын
бақылау екі деңгейге бөлінеді:

бірінші деңгейдегі сапа бақылау – уәкілетті органның осы мемлекеттік аудитке
қатыспаған мемлекеттік аудиторы немесе уәкілетті органның аумақтық
бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесі жүргізетін сапа бақылауы;

екінші деңгейдегі сапа бақылау – уәкілетті органның екінші деңгейдегі сапа
бақылауын жүргізуге уәкілетті құрылымдық бөлімшесі жүргізетін сапа бақылауы.

Сапаны бақылау нәтижелерін уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде және Бірыңғай мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау дерекқорында орналастырады.

Ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудиторлар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары мен стандарттарын бұзғаны үшін
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және
қылмыстық жауаптылықта болады.

 

Костанай облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Дата публикации
17 июня 2025
Дата обновления
17 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы