Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қатысты жүргізілген аудит нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, Мақтарал ауылдық округі, Береке елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары бойынша жоба-сметалық құжаттамаға (сметаға) өзгерістер енгізілген. Бұл өзгерістер «алып тастау және қосу» (исключить и включить) әдісі арқылы жүзеге асырылып, бастапқыда 285,8 млн теңге көлемінде бекітілген жоба сметасының 96,4 млн теңгесіне немесе 33,7%-ына өзгерістер енгізілген. Бұл өзгерістердің салдарынан жобаның жалпы құны 67,8 млн теңгеге артып кеткені анықталды.
Сонымен қатар, техникалық және авторлық қадағалау қызметтерін атқарған ұйымдарға 100% көлемінде төлем жүргізілгенімен, бұл төлемдердің көлемі нақты атқарылған жұмыстармен сәйкес келмейтіні белгілі болды. Атап айтқанда:
Алайда, бас мердігер «ДАНЕКЕР» ЖШС-ге тек 92,9% мөлшеріндегі қаржы (265,7 млн теңге) аударылған. Яғни, құрылыс жұмыстарының толық аяқталмағанына қарамастан, қадағалаушы ұйымдарға жұмыстар толық орындалғандай төлем жасалған.
Нақты есептеу бойынша, техникалық қадағалаушыға 620,9 мың теңге, ал авторлық қадағалаушыға 252,5 мың теңге артығымен төленген.
Бұл фактілер жобаны басқару мен қаржыландыруда тиімділік пен бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетеді. Мемлекеттік қаражаттың мақсатты әрі есепті түрде жұмсалуын қамтамасыз ету үшін мұндай сәйкессіздіктерге жол бермеу маңызды. Аудит нәтижелері бойынша тиісті мекемелерге анықталған бұзушылықтарды жою және жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беру жөнінде нұсқама жолданды.