Меню

Страницы

Статья

Бюджет ақшасының тиімділігіне күмән: Түркістан облысында ауыл шаруашылығын субсидиялау тексерілді.

Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан 2021–2024 жылдар аралығында Сауран ауданының шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлеріне мал шаруашылығы мен тұқым шаруашылығын дамытуға бөлінген субсидиялардың тиімділігіне қатысты Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті аудиторлық тексеріс жүргізді.

Аудит барысында жалпы сомасы 276,7 млн теңгеге жуық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 147,6 млн теңге қаржылық сипаттағы, ал 129,1 млн теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар болып табылады.

Нақтырақ айтқанда, 2019 жылы басқарма тарапынан субсидиялау үшін таңдалған таңқурайдың «Награда» сұрыпы белгілі бір өңірлерге ғана бейімделіп, ресми тізілімде Түркістан облысында пайдалануға рұқсат етілмегеніне қарамастан, бұл сұрыпқа 125,2 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Яғни, қолдануға ұсынылмаған өнімді қаржыландыру арқылы бюджеттік негізділік пен тиімділік талаптары сақталмаған.

Сонымен қатар 2021–2024 жылдар аралығында Сауран ауданындағы                     27 шаруа қожалығы мен кәсіпкерге мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды көздейтін субсидиялар белгіленген шарттар сақталмай берілген. Бұл жағдай 147,6 млн теңгені құрайды.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына тиісті нұсқама жолданып, олқылықтарды жою және жауапты тұлғалардың әрекеттеріне баға беру тапсырылды.

Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бюджеттік қаражаттың тиімді әрі мақсатты жұмсалуы қажеттігін тағы бір мәрте айқындап берді. Мұндай тексерістер мемлекеттік қаржының ашықтығы мен заңға сәйкестігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Дата публикации
17 июня 2025
Дата обновления
17 июня 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы