Тұрақты түрде жүргізілетін мемлекеттік аудит білім беру жүйесіне ата-аналар мен қоғамның сенімін нығайтады, өйткені ол оқу орындарының ашықтығы мен есептілігін көрсетеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит департаменттері еліміздің барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарын жоспарлы түрде тексеріп отырады.
Осылайша, Астана қаласы әкімдігінің «Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайына» жүргізілген аудит қорытындысы бойынша 4,4 млн теңге көлемінде қаржылық, 2,9 млн теңге көлемінде рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, негізсіз түрде ынталандырушы үстемақылар мен сыйақылар төленгені, жеке тұлғалармен жеткілікті құқықтық негіздерсіз азаматтық-құқықтық шарттар жасалғаны, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылғаны белгілі болды.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін аудит нысанындағы лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аудит қорытындысы бойынша аудит нысанына бұзушылықтарды жою және оларды жіберген қызметкерлердің жауапкершілігін қарау жөнінде нұсқама жолданды.
Қазіргі уақытта нұсқама толық көлемде орындалды. Жергілікті бюджетке 4,4 млн теңге қайтарылды. Жауапты қызметкерге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.