Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік аудит Астанадағы мектепте 144 млн теңгеге бұзушылықтарды анықтады

Мектептерге жүргізілетін мемлекеттік аудит білім беру ұйымдарының жұмысын ашықтық және тиімділік тұрғысынан қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ол бюджет қаражатының қаншалықты тиімді және ашық жұмсалып жатқанын, мемлекеттік білім беру стандарттарының сақталуын, оқушыларға қауіпсіз және қолайлы жағдай жасалып жатқанын объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Осылайша, Астана қаласы әкімдігінің «Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебіне» жүргізілген аудиттің қорытындысы бойынша, Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жалпы сомасы 144,3 млн теңге көлемінде бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, қаржылық бұзушылықтар — 33,9 млн теңге, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы — 66,2 млн теңге, рәсімдік бұзушылықтар — 44,2 млн теңге.

Мектеп әкімшілігі мақсатты трансферттерді қайтаруды жүзеге асырмағаны, ғимаратты жалға алушылар тарапынан коммуналдық төлемдер бойынша берешектің жіберілгені, қаржылық есептіліктің жүйелі түрде бұрмаланғаны және қызметкерлерге еңбекақы есептеу тәртібінің бұзылғаны анықталды.

Анықталған заңбұзушылықтар үшін жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аудит қорытындысы бойынша Астана қаласының №16 орта мектебіне анықталған бұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде нұсқама берілді.

Қазіргі уақытта бұл нұсқама толық көлемде орындалды. Жергілікті бюджетке 9,3 млн теңге қайтарылды. Жауапты қызметкерлерге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Дата публикации
17 июня 2025
Дата обновления
17 июня 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы