Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының мәдениет басқармасындағы аудит нәтижесі: 155 миллион теңгеден астам заңбұзушылықтар анықталды

2024 жылға арналған Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен оған қарасты мекемелерде жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижесінде 155 миллион теңгеден астам қаржы заңбұзушылықтары анықталды.

Аудиттің мақсаты – шоғырландырылған қаржылық есептіліктің шынайылығын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін және мекеменің жалпы қаржылық жағдайын бағалау болды. Тексеру 2024 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтыды. Анықталған заңбұзушылықтардың ішінде 152 миллион теңгеден астам сома бухгалтерлік жазбаларды түзету арқылы қалпына келтірілуге жатады, ал 2,4 миллион теңге бюджетке өндіріп алуға тиіс. Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар да тіркелді.

Анықталған кемшіліктердің қатарында: 1 күнге іссапарға жіберілген қызметкерлерге негізсіз тәуліктік төлемдердің төленуі – 0,5 миллион теңгеден астам; жанар-жағармай мен автокөлік қызметтеріне арналған шығындар лимитінің артуы – 0,37 миллион теңге; үстемеақылардың заңсыз есептелуі және бухгалтерлік есепте мәліметтердің бұрмалануы бар. Мысалы, «Алматы облысының мемлекеттік архиві» ММ-де 50 миллион теңгеден астам сомаға жер телімінің құны есепке алынбаған, ал «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы» ММ-де 82 миллион теңгеден астам сомаға мүлік пен көгалдандыру нысандары есепке енбеген.

Сондай-ақ, пайдаланылмаған еңбек демалысына резервтерді есептеу барысында елеулі қателіктер жіберілген: Алматы облысының архивінде бұл көрсеткіш 12 миллион теңгеден астам, нәтижесінде қаржылық есептілік бұрмаланған.

Аудит аясында бухгалтерлік есепті қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданды: жер телімдері мен негізгі құралдарға бағалау жүргізілді, еңбек демалысына резервтер толық есептелді, сондай-ақ бюджетке 1,1 миллион теңгеден астам қаржы өндірілді. Сонымен қатар, бірнеше мекеменің бас бухгалтерлеріне ҚР ӘҚБтК-нің 238-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бухгалтерлік есеп жүргізу ахуалына жасалған талдау жүйелік проблемаларды көрсетті: өндірістік процестердің есебі жүргізілмейді, активтер дұрыс жіктелмеген, мекеме басшылығы мен қаржы қызметтерінің тарапынан тиісті бақылау жоқ. Аудитке дейін, мысалы, орман шаруашылықтарында берілген материалдық құндылықтардың есебі жүргізілмеген және орындаушылармен тиісті шарттар жасалмаған, бұл дайын өнімнің өзіндік құны бойынша деректердің бұрмалануына әкелген. Дайын өнім нақты саны мен бағасы көрсетілмей, қызмет ретінде есепке алынған.

Аудиторлардың бағалауынша, басқармадағы ішкі бақылау жүйесі бұзушылықтарды уақтылы анықтауға және алдын алуға жеткіліксіз. Қаржы қызметтері операциялардың дұрыс бейнеленуіне бақылау жасамайды, ал мекемелер есептілікте ақпараттың толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етпейді.

Осыған байланысты келесідей ұсыныстар берілді: барлық активтерге қайта түгендеу жүргізу және тану критерийлеріне сәйкестігін бағалау, қаржылық есептіліктің толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз ету, қаржы қызметтері мен ведомстволық мекемелер арасында өзара іс-қимыл регламентін әзірлеу, өндірістік есепті нақты өзіндік құнды ескере отырып жолға қою. Сонымен қатар, кірістілікті талдау, әр жеткізуші бойынша берешекті бақылау және барлық операцияларды нақты құжаттандыру қажеттілігіне назар аударылды.

Тексеру нәтижесі бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, оларды жіберген тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі қаралды.

Дата публикации
16 июня 2025
Дата обновления
16 июня 2025
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы