Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы жалақы төлеуге бағытталған бюджет қаражатының пайдаланылуына бақылауды күшейту мақсатында Ішкі мемлекеттік аудит комитеті "Онлайн бюджеттік мониторинг" модулінің функционалын кеңейтті.
Қазіргі уақытта Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан қазынашылық органдары арқылы жүргізілген жалақыны аударуға онлайн мониторинг жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 5 айында "Онлайн бюджеттік мониторинг" қорытындысы бойынша білім беру саласында жалпы сомасы 372,8 млн теңгеге 781 тәуекел төлемі анықталды. Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша 99,4 млн теңге сомасына бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісі анықталды. Осы сомадан мекемелер бюджетке 2,9 млн. теңгені өз бетінше өтеді. Бұзушылықтар сомасы 96,5 млн теңгеге кінәлі адамдар сотталып, жазасын өтеп жатыр.
Денсаулық сақтау саласында анықталған тәуекел төлемдері бойынша 27 объектіге 20,4 млн теңге сомасына 29 хабарлама жіберілді, олар бойынша бақылау іс-шаралары жүргізілуде.
Мәдениет және спорт саласындағы "Онлайн бюджеттік мониторинг" модулін пайдалана отырып, тәуекел мәртебесі бар жалпы сомасы 17,7 млн. теңгеге шоттар анықталды, олар бойынша тәуекел 1,6 млн. теңге сомасына расталды. Қаражат бюджетке толығымен өтелді.
Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті алдын ала бақылауды күшейтуге, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін және ішкі қаржылық бақылаудың тиімді тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыратын болады.