Меню

Страницы

Статья

Бір көзден сатып алу тәсілімен шарт жасасу кезінде жіберілетін бұзушылықтар

Астанада мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жүргізу бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда. Камералдық бақылау аясында мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілерінің атына бір көзден сатып алу тәсілін қолдану кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша 61 хабарлама жолданды. Бұл хабарламалармен қамтылған сатып алулардың жалпы сомасы 452,1 млн теңгені құрады.

Жүргізілген талдау 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап заңнамаға енгізілген өзгерістерге қарамастан, бірқатар мемлекеттік ұйымдардың тәжірибесінде шарттарды тікелей жасасу жолымен бір көзден сатып алу тәсілін заңсыз қолдану фактілері әлі де кездесетінін көрсетті.

Ең жиі кездесетін бұзушылық — сатып алудың бұл тәсілін қолдануға мүмкіндік беретін бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы уәкілетті органның міндетті қорытындысының болмауы. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың басынан бастап мұндай сатып алуларды уәкілетті органмен келісу міндетін көздейтін нормалар күшіне енді.

Аталған талапты елемеу Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының бұзылуына алып қана келмей, сонымен қатар бірқатар елеулі тәуекелдерді туындатады: бәсекелестіктің шектелуі, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуы, ал кейбір жағдайларда — сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының белгілерінің орын алуы.

Процедуралардың сақталуына бақылау жалғасатын болады. Мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану аясында заңдылықты, ашықтықты және адал бәсекелестікті қамтамасыз ету — негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.

Дата публикации
11 июня 2025
Дата обновления
16 июня 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы