Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысында жалақы төлеуге қатысты 18,5 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды

Қарағанды облысында бюджет қаражатының тиімді және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда. Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджет мониторингі» (ОБМ) модулі аясында білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт салаларында жалақы төлемдерін тұрақты негізде бақылап отырады.

2025 жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығында ОБМ арқылы 2249 төлемге мониторинг жүргізіліп, олардың жалпы сомасы 917,5 млн теңгені құрады. Оның ішінде ең үлкен үлес білім беру саласына тиесілі – 1928 төлем, 790,6 млн теңге. Бұдан бөлек, спорт саласында – 88,2 млн теңге, денсаулық сақтау саласында – 23,4 млн теңге, ал мәдениет саласында – 15,2 млн теңге қамтылды.

Цифрлық жүйе тәуекелдер профилі бойынша автоматты түрде күмәнді төлемдерді анықтап, нақты бұзушылықтар туындаған жағдайда жедел шара қабылдауға мүмкіндік береді. Расталған жағдайда, департамент тиісті мекемеге жауап шараларын қабылдау туралы хат жолдайды, сондай-ақ бұл ақпарат бюджет бағдарламалары әкімшісіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және оның өңірлік бөлімшелеріне жіберіледі.

Аталған кезеңде білім беру саласында 400 төлем бойынша 18,5 млн теңге көлемінде бұзушылықтар расталды. Оның ішінде 9,5 млн теңге мемлекетке қайтарылды, қалған сома белгіленген кесте бойынша өтеуге жатады.

Мамандардың айтуынша, онлайн мониторинг — бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануды алдын алудың тиімді тетігі. Бұл тәсіл заңбұзушылықтарға жедел ықпал етуге және ішкі бақылау жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті алдағы уақытта да цифрлық бақылау құралдарын пайдалану арқылы мемлекеттік қаражаттың әр тиынының дұрыс жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.

 

Дата публикации
10 июня 2025
Дата обновления
16 июня 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы