Меню

Страницы

Статья

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде артық төленген 13 миллион теңгеден астам артық төленген жалақы бюджетке қайтарылды

Ақтөбе облысында цифрлық технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік қаржының заңдылығын бақылау нәтижелі бола түсуде. Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесі арқылы өңірдегі екі бірдей балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде заңсыз жалақы аудару фактілері анықталды. Аталған деректер бойынша мемлекетке келтірілген зиян толық көлемде өтелді.

 «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№1 Ақтөбе қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бухгалтері 2024 және 2025 жылдары өзінің жеке банк шотына артық жалақы түрінде 3 522,5 млн.теңге аударған. Бұл қаржы тәртібін бұзу дерегі онлайн бюджеттік мониторинг құралдары арқылы анықталған. Қазіргі таңда бюджетке келтірілген шығын толығымен өтелді.

Сол басқармаға қарасты тағы бір мекеме – «Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде» де ұқсас жағдай орын алған. Мұндағы бухгалтер 2023, 2024 және 2025 жылдары жеке шотына барлығы 9 813,9 млн. теңге артық жалақы аударған. Бұл заңсыз төлем де онлайн бюджеттік бақылау жүйесі нәтижесінде анықталды. Аталған соманың барлығы бюджетке кері қайтарылды

Онлайн бюджеттік мониторинг — мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің орындалуын ашық әрі нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін тиімді цифрлық жүйе. Мұндай платформалар бюджеттік қаражаттың орынсыз немесе заңсыз жұмсалуын ерте кезеңде анықтап, азаматтық бақылауды күшейтеді.

Бұл жағдайлар бюджеттік тәртіптің маңыздылығын және бақылау механизмдерінің қажеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Қаржы тәртібінің бұзылуы қоғамның мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіреді. Ал мұндай заңсыздықтардың уақтылы анықталуы мен бюджетке залалдың өтелуі — жүйенің тиімді жұмыс істеп тұрғанының белгісі.

Дата публикации
10 июня 2025
Дата обновления
11 июня 2025
Тип
Мониторинг

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы