Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысында 61 млн теңгеден астам сомаға аномальды төлемдер анықталды

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын тұрақты бақылау аясында «Онлайн бюджет мониторингі» модулі арқылы жалақы төлемдеріне мониторинг жүргізіп келеді. Цифрлық құралдарды пайдалану жалақы есептеудегі заңбұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік беріп, қаржылық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етеді және бюджет қаражатын тиімсіз жұмсаудың алдын алуға септігін тигізеді.

2025 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша жалпы сомасы 61 050,4 мың теңгеге заңбұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

  • білім беру саласында — 52 379,9 мың теңге;

  • спорт саласында — 7 553,4 мың теңге;

  • мәдениет саласында — 1 028,4 мың теңге;

  • денсаулық сақтау саласында — 88,6 мың теңге.

Ең көп бұзушылықтар білім беру ұйымдарында тіркелді. Мұнда жекелеген басшыларға негізсіз және артық жалақы есептеу жағдайлары орын алған. Ұқсас жағдайлар спорт, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы мекемелерде де анықталды. Кейбір жағдайларда құжаттық негіздемелермен расталмаған немесе нормативтік шектерден асып кеткен төлемдер тіркелді.

Аталған заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Департамент келесі шараларды қолға алды:

  • мекеме қызметкерлеріне қаржылық құжаттаманы дұрыс жүргізу және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу бойынша оқыту ұйымдастыру;

  • мекемелерде бюджеттік төлемдерге ішкі мониторинг енгізу, әсіресе негізсіз және шектен тыс жалақы есептеуді анықтауға басымдық беру;

  • жергілікті деңгейде бюджет басқару саласындағы тәуекелдерге қосымша талдау жүргізу.

Сондай-ақ ұйым басшылығы тарапынан жалақы төлеу ведомостарын қалыптастырудың дұрыстығын және бюджет заңнамасының талаптарын сақтауын нығайта бақылау қажеттігіне назар аударылды.

Цифрлық мониторинг жүргізу жұмысы жүйелі түрде жалғасатын болады. Қазіргі заманғы талдамалық құралдарды қолдану тек заңбұзушылықтарды уақтылы анықтауға ғана емес, сонымен қатар бюджеттік үдеріс қатысушылары арасында қаржылық тәртіп мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік қаражатты заңды, ашық және тиімді пайдалану мақсатында жұмысын жүйелі түрде жалғастырады.

Дата публикации
10 июня 2025
Дата обновления
13 июня 2025
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы