Меню

Страницы

Статья

Петропавл қаласының ТКШ бөлімінде мемлекеттік сатып алу бойынша негізсіз шарттар жасасу

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ (бұдан әрі – ТКШ бөлімі) мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың жүйелі бұзушылықтарын анықтады.

Мәселен, ағымдағы жылы ТКШ бөлімінде жалпы сомасы 24,8 млрд.теңгеге 33 шарт жасасу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 5 аудиторлық іс-шара өткізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша Мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізбей, Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негіздер бойынша шарттарды тікелей жасасу бөлігінде бірдей бұзушылықтар анықталды.

Осылайша, барлық 33 шарт төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жасалған. Алайда, аудиторлық іс-шаралар осы шарттар бойынша төтенше жағдайлардың, авариялардың және т. б. салдарын жою мақсатында жұмыстар/қызметтер емес, ағымдағы қызметтің жұмыстары/қызметтері орындалғанын анықтады.

Бұл фактілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын бұзады: ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау; әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру; мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына, мүдделер қақтығысына жол бермеу.

Департамент мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін ТКШ бөлімінің басшысы жалпы сомасы 8,9 млн.теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Департамент Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған 5 шартты жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді (талап қою кезінде орындалмаған).

Сонымен қатар, бұзушылықтардың бұрын анықталған фактілеріне қарамастан, ТКШ бөлімі төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстарды орындауға/қызметтер көрсетуге мемлекеттік сатып алу туралы негізсіз шарт жасасуды жалғастыруда. Осыған байланысты департамент қала әкімінің атына тиісті хат жолдады.

Дата публикации
05 июня 2025
Дата обновления
05 июня 2025
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы