Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный аумақтық әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы» КММ-де (бұдан әрі – Мекеме) мүгедектер үшін заттай нормалары бойынша азық-түліктерді сатып алу және есептен шығаруға бөлінген бюджеттік қаражатының тиімділігі мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру іс-шарасын өткізді.
Аудиторлық іс-шара барысында 4, 4 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде өтеуге жататын - 4, 4 млн.теңге, атап айтқанда: Мекеме ризықты алатын 1 тұлғаға жалпы сомасы 4, 4 млн. теңгеге азық-түлікті негізсіз есептен шығарды, оның ішінде 2023 жылы – 2, 9 млн. теңгеге, 2024 жылы - 2, 3 млн.теңгеге.
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Мекеме атына анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру туралы ұйғарым жіберілді, онда жергілікті бюджетке 4, 4 млн. теңгені қайтару қажет, анықталған бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарастыру, сондай-ақ құқықтық тәуекелдерін жою үшін, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеу жөніндегі ұсынымдардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету.
Сонымен бірге, Мекемемен ұсынылған жауабына сәйкес жергілікті бюджетке 4, 4 млн. теңге көлемінде ақшалай қаражат қайтарылды, Мекеменің қызметкерлері «сөгіс және ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қтара, Департаментпен қысқартылған іс жүргізу тәртібімен ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке Мекеменің басшысы және басшының орынбасары тартылды. Айыппұл толығымен төленді.
Қостанай облысы бойынша
Iшкi мемлекеттiк аудит департаментi