Меню

Страницы

Статья

Қарағанды ​​облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері: негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар

Жыл сайын Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті нақты уақыт режимінде жылдық қаржылық есептілік бекітілгенге дейін қаржылық есептілікке аудит жүргізеді.

 Мұндай аудит форматы қаржылық бақылаудың тиімді құралы болып саналады, ол мемлекеттік аудит объектілеріне сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Аудит нәтижелері бойынша  жергілікті атқарушы органдар шынайы деректер алады,  бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық жағдайын обьективті бағалауға  мүмкіндік  береді.

Соңғы жылдары бюджеттің орындалуын көрсететін мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету және оны мемлекеттік бюджетке консолидациялау бойынша елеулі жұмыстар атқарылды.

Мәселен, нақты уақыт режимінде  4 әкімшісі және олардың ведомстволық бағынысты мекемелері бойынша қаржылық есептілікке аудит жүргізілді («Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Ақтоғай ауданының  білім бөлімі»  ММ, «Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы»ММ).

 Аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері активтерінің жалпы сомасы 3,4 млрд.теңгені  облыстық бюджет балансының валютасынан құрады.

Бұдан басқа, ведомстволық бағынысты мекемелер бойынша қарсы тексерулер жүргізілді, онда баланс валютасы 0,2 млрд.теңгені құрайды.

Аудит барысында 248,3 млн.теңге сомасына бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің бұзылуы анықталды, оның ішінде 90,9 млн. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды, бұл жалпы бұзушылықтар 36,6% -н құрайды және 157,4 млн. теңге сомасына рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Анықталған бұзушылықтардың 15,9 млн.теңгесі өтелуге және 75,0 млн. теңгесі қалпына келтіруге жатады, аудит қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен бюджет кірісіне өтелді және есепке алу бойынша толық көлемдеме  қалпына келтірілді.

Аудит барысында активтерді дұрыс жіктемеу, бухгалтерлік есепте операцияларды қате көрсету, дебиторлық берешекті қайтару жөніндегі шаралардың болмауы сияқты бұзушылықтар анықталды. Бұл әкімшілердің басқарушылық есепті толық көлемде жүргізбеуінен көрініс табады, бұл бағынысты ұйымдарды талдаудың жеткіліксіздігіне, ресурстарды тиімсіз бөлуге және тиісті жоспарлаудың болмауына әкеледі.

Мәселелер сондай-ақ шығыстар мен мемлекеттік органдардың қаржы көрсеткіштерін оңтайландыруға жүйелі тәсілдің болмауына байланысты. Активтерге түгендеу жүргізу негізінен формалды сипатта өтті және ол есеп сапасына әсер ететін бұрмалаушылықтарды уақтылы анықтауға мүмкіндік бермеді.

Қаржылық тәртіптің төмен деңгейінің себептері ретінде ішкі бақылау жүйесінің жеткіліксіз ұйымдастырылуы аталды. Бұзушылықтар ішкі бақылау жүйесін ұйымдастырудың әлсіздігімен, әкімшілер басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың болмауымен байланысты. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына әкеп соғады.

Аудит нәтижесінде, жылдық есептілік бекітілгенге дейін 201,3 млн теңгеге бұзушылықтар жойылды. Уақтылы қабылданған шаралар қаржылық есептіліктегі елеулі бұрмалаушылықтардың алдын алуға және төрт әкімшінің лауазымды тұлғаларына әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.

Дата публикации
30 мая 2025
Дата обновления
30 мая 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы