Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспарына сәйкес, Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын толық әрі уақтылы игеруіне бағытталған ішкі процестердің тиімділігін арттыру, бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және олардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Аудиттік іс-шаралар тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделіп, тек бұзушылықтардың өзін ғана емес, сонымен қатар олардың туындау себептерін де анықтап, жоюға бағытталған.
Бюджет қаражатын тиімсіз және негізсіз пайдалану жағдайларын болдырмау және жедел шаралар қабылдау мақсатында Қазынашылық органдары әзірлеген тәуекел профильдері негізінде алынған тәуекелді төлемдер мен шарттарға талдау жүргізілуде.
Әлеуметтік саладағы – білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт бағыттары бойынша жалақы төлеуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға бақылауды күшейту мақсатында Ішкі мемлекеттік аудит комитеті «Онлайн бюджет мониторингі» (ОБМ) модулінің функционалын кеңейтті.
Осы құралдың көмегімен 2025 жылғы 1 қаңтар мен 21 мамыр аралығында Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жалақы төлемдеріне мониторинг жүргізіп, барлығы 227 хаттамалық хабарлама (хабарлама) жолдады. Бұл хабарламалар 1177 тұлғаға қатысты 4344 тәуекелді төлемге байланысты болды. Жалпы сома — 1 млрд 553 млн 973 мың теңге. Салалар бойынша келесідей бөлінді:
-
Білім беру саласы – 175 хабарлама, 4040 тәуекелді төлем (1043 тұлға), жалпы сома 1 млрд 443 млн теңге;
-
Дене шынықтыру және спорт саласы – 26 хабарлама, 223 төлем (75 тұлға), сома 75 млн 335 мың теңге;
-
Мәдениет саласы – 19 хабарлама, 35 төлем (29 тұлға), сома 15 млн 021 мың теңге;
-
Денсаулық сақтау саласы – 7 хабарлама, 46 төлем (30 тұлға), сома 20 млн 685 мың теңге.
«Жеке тұлғаның карта шотына қатысты деректердің сәйкес келмеуі» тәуекелі бойынша тіркелген 34 төлемнің басым бөлігі Шортанды ауданының мәдениет саласындағы нысандарына тиесілі екендігін атап өткен жөн. Бұл бағытта жергілікті деңгейде бақылауды күшейтіп, тиісті құрылымдармен өзара іс-қимылды нығайту қажет.
Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жүргізіп отырған бұл жұмыс – мемлекеттік ресурстарды тиімді, ашық және жауапты басқаруға деген берік ұстанымның айқын көрінісі. Бюджет мониторингі құралдары одан әрі жетілдіріліп, әрбір бюджет теңгесінің мақсатты және заңды пайдалануына нақты бақылау орнатуға мүмкіндік беруде.