Меню

Страницы

Статья

2024 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілік/қаржылық есептілік аудит нәтижелері

ҚР ҚМ ІМАК Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік аудит саласындағы заңнамада бекітілген құзыретке сәйкес жыл сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің/қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асырады.

Мәселен, Департаменттің қаржылық есептілік аудиті бөлімі ағымдағы жылдың наурыз айында 2024 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті/қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шараларды аяқтады. Аудит бюджеттік бағдарламалардың 3 әкімшілерінде жүргізілді, соның ішінде:

  • «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нде, сондай – ақ аудиторлық іс-шаралар барысында 6 ведомстволық бағынысты мекемеде үстеме (қарсы) тексерулермен қамтылды;

  • «Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-нде, сондай – ақ аудиторлық іс-шаралар барысында 2 ведомстволық бағынысты мекемеде үстеме (қарсы) тексерулермен қамтылды;

«Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ-нде.

Мемлекеттік мекемелерде жүргізілген аудиторлық іс-шаралармен жалпы алғанда, активтер, қорларды көрсетудің дұрыстығы, ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу, дебеторлық және кредиторлық жарғылық берешекті есептеу, кірістер мен шығыстарды жабу, есепті кезеңде жасалған міндеттемелер мен таза активтерді/капиталды толық көрінісі және басқа да қаржы – шаруашылық операциялар мәселелері қамтылды.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 7 849 108,7 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде бюджетке өтелуге жататын сомасы 3 068,4 мың теңге, көрсету жолымен есепке алумен қалпына келтіруге жататын 132,9 мың теңге сомасында, сондай-ақ 7 845 907,4 мың теңге сомасына сәйкестендіруге жататын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Сонымен, 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2016 жылғы 06.12-дағы «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шрғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» № 640 бұйрығының 3-тарауының 17-тармағының талаптарын сақтамады, 2024 жылғы 30.06. жағдайына қарай, жеке операциялардың, шағымдардың толықтығы мен дұрыстығы, кірістер мен шығыстарды есепті кезеңдерге жатқызудың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мекемелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2017 жылғы 01.08-дағы «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 468 бұйрығының 3-тарауының 3-тармағында регламенттелген талаптарды сақтамады 2024 жылғы 30.06. жағдайына қарай, жеке операциялардың, шағымдардың толықтығы мен дұрыстығы, кірістер мен шығыстарды есепті кезеңдерге жатқызудың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген

Сонымен бірге, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2017 жылғы 01.08-дағы «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 468 бұйрығының 3-тарауының 3-тармағында регламенттелген талаптарды сақтамады 2024 жылғы 30.06. жағдайына қарай, жеке операциялардың, шағымдардың толықтығы мен дұрыстығы, кірістер мен шығыстарды есепті кезеңдерге жатқызудың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген

Мекемелерде және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында анықталған бұзушылықтарды талдау бухгалтерлік тәртіптің бұзылуын, қаржылық есептілік пен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау жөніндегі талаптардың сақталмауын, бухгалтерлік есептегі шоттар бойынша қате жатқызуды, жалақы мен іссапар шығыстары бойынша артық төлеуді, қаржылық есептілік нысандарының өзара сәйкессіздігін, сондай-ақ жүктелген функционалдық міндеттердің толық орындалмауын көрсетті. Бұл жағдайда бұрмаланған шоғырландырылған қаржылық есептілікті /қаржылық есептілікті ұсынудың айтарлықтай қаупі бар.

Белгіленген бұзушылықтар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілікті/қаржылық есептілікті жасауы тиісті деңгейде жүргізілмегендігін көрсетеді, өйткені бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік деректерінің дұрыстығы мен толықтығы толық қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ведомстволық бағынысты мекемелердің бухгалтерлік есебінің деректерін қайта тексермейді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент «Мемлекеттік аудит және қаржылық баұылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шараларын қабылданған болатын.

Өз кезегінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының заңнамасын мұндай бұзушылықтарды жою және одан әрі болдырмау мақсатында жан-жақты шаралар қабылдады.

 

Дата публикации
27 мая 2025
Дата обновления
27 мая 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы