Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардағы жаңашылдықтар

Президент тапсырмасы бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру шеңберінде елімізде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң әзірленді. Құжат тендер өткізу рәсімдерін оңтайландыруға, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. Атап айтқанда, өзгерістер келесілерге әсер етті:

конкурс өткізу мерзімі қысқартылды (конкурстық құжаттаманы талқылау 5 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қабылдау 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қарау және қорытындылау 10 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін);

құрылысқа байланысты жұмыс бойынша қоғамдық мониторинг енгізілуде. Жұмысты орындау кестелерін, шарттардың орындалуы туралы есептерді жалпыға қолжетімді ету, шарттардың орындалуын бақылауға жұртшылықты тарту жоспарлануда;

сатып алу нәтижелеріне шағымданудың жаңа тәртібі іске асырылуда. Сатып алуды жедел жүргізу және рәсімдердің кешіктірілуін болдырмау мақсатында шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушының өзі қарайтын болады.

аз мөлшердегі сатып алулар бойынша 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен қызметтерді бір көзден алу құқығы енгізілді. Ауылдық әкімдіктер үшін бір көзден сатып алудың шекті мөлшері 3 000 АЕК-тен 4 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында осы санаттағы субъектілерден құны 50 000 АЕК-тен аспайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың басым құқығы белгіленді;

ішкі нарықты қолдау мақсатында ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу арқылы веб-порталда отандық өндіріс тауарларын басымдықпен алу бойынша жұмыс жалғасады;

бәсекелестікті дамыту және бизнесті қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектор субъектілері саналатын өнім берушілердің өтінімдерін жеке кәсіпкерлік субъектілері саналатын өнім берушілерден кемінде екі өтінім болған жағдайда веб-портал автоматты түрде қабылдамайды;

бағалық емес критерийлерді дамыту және жергілікті жеткізушілерді қолдау мақсатында аумақтық белгі (1%-дан 2%-ға дейін) және теріс мәндер (0.1%-дан 0.2%-ға дейін) түріндегі шартты жеңілдіктерді есептеу өзгертілді.

«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 658 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай өзгерістер:

- камералдық бақылаудың үшінші және төртінші бағыты алынып тасталды;

- камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесі жаңартылды;

- бірінші бағыт бойынша камералдық бақылау жүргізу мерзімдері екі жұмыс күніне дейін қысқартылды;

- «Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден» сатып алу тәсілі бойынша камералдық бақылау жүргізу мерзімдері үш жұмыс күніне дейін қысқартылды;

- қосымшалардың үлгілері жаңартылды;

- «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу конкурсы», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу конкурсы» сатып алу тәсілдері бойынша шағым беру мүмкіндігі алынып тасталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу веб-порталының басты бетінде салыстырмалы кестемен танысуға болады.

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Дата публикации
22 мая 2025
Дата обновления
22 мая 2025
Тип

Сейчас читают

Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері
Ақпарат
14 октября 2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Онлайн бюджеттік мониторинг" модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері
Мерзімді БАҚ
14 октября 2026
2026 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы