Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысында 32 миллион теңгеден астам артық төленген жалақы бюджетке қайтарылды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мемлекеттік қаражаттың тиімді және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында онлайн бюджеттік мониторинг жүйесін енгізді.Бұл жаңа жүйе бюджеттік шығындарды бақылаудың заманауи және ашық тетігі ретінде мемлекеттік мекемелердің қаржы тәртібін қадағалауға мүмкіндік береді.

Онлайн бюджеттік мониторингтің «800 мың теңгеден асатын артық қаражаттың бір және бірнеше төлеммен аудару қаупі» тәуекелі негізінде Ақтөбе облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментімен   Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ «№5 мектеп-лицей» КММ-де аудиторлық іс-шара жүргізіліп нәтижесінде 51 448,2 мың. теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, 2023 жылы аудитпен қамтылған кезеңдегі еңбек ақысының 5-15А формасы мен төлемдерін есептеуге арналған есеп ведомстілері қамтылып,ішінара тексеру жүргізілді.Нәтижесінде 19 мектеп қызметкерлеріне жалпы сомасы 41 340,1 мың теңгеге жалақының  50%-нан артық мөлшерде аванс берілгені анықталды.Оның ішінде, тексеру барысында 2024 жылдың наурыз-сәуір айларында 19 314,0 мың теңге түбіртек негізінде бюджет кірісіне қайтарылған.Ал қалған 22 026,1 мың теңге 2024 жылдың еңбекақысынан ұсталмаған.

Сонымен қатар,2024 жылы 12 қызметкерге нақты істелген уақыты үшін төленетін тиісті еңбек ақысынан жалпы сомасы 10 108,1 мың.тенгеге артық қаражат аударылғаны анықталды.  

Бұл бұзушылықтар мектеп бас есепшілері өзінің қызметтік міндеттерін атқару барысында мектеп директорының атына берілген электрондық цифрлық қолтаңбаны  пайдалану нәтижесінде орын алған.

Яғни, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына қайшы, мекеменің лауазымды тұлғаларымен электрондық қолтаңбаны пайдалану және қол жеткізу құқығына қатысты сақтық шаралары мен бақылау шаралары сақталмаған.

Аудит барысында тиісті шаралар қабылданып,жалпы сомасы 32 134,2 мың теңге бюджетке толығымен қайтарылды.

Бұл жағдай онлайн мониторинг жүйесінің тиімділігін дәлелдей отырып,мемлекеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуде ашықтық пен жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетті.

 

Дата публикации
20 мая 2025
Дата обновления
20 мая 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы