2025 жылғы наурыз айында Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ және «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ 2024 жылғы қаржылық есептіліктің дұрыстығын, негізділігін бағалау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара өткізді.
Аудит қорытындысы бойынша 32 871 913,8 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қалпынакелтіруге – 32 871 155,6 мың теңге, өтеуге - 122,7 мың теңге. Процедуралық сипаттағы бұзушылықтар-635,5 мың теңге.
Аудиторлық іс – шара барысында "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ жалпы сомасы 20 659 362,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде қалпына келтіруге жататын бұзушылықтар – 20 658 604,0 мың теңге, өтеуге – 122,7 мың теңге, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар-635,5 мың теңге болып белгіленді. Аудит барысында қалпына келтірілді-20 658 604,0 мың теңге.
Жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша 1 лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 238-бабының 1-бөлігі бойынша қаржылық есептілікті бұрмалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 196,6 мың теңге мөлшерінде айыппұл төленді.
Аудиторлық іс-шара барысында "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ жалпы сомасы 12 212 551,6 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар белгіленді. Оның ішінде қалпына келтіруге жататындар 12 212 551,6 мың теңге. Аудит барысында қалпына келтірілді-11 037 638,0 мың теңге.
Аудит нәтижелері бойынша бухгалтерлік есеп заңнамасының нормаларын сақтамау бойынша қаржы-шаруашылық операцияларында ауытқулар бар екені анықталды. Бұл ретте, пайдаланылмаған демалыстар бойынша резервті есептемеу,негізгі құралдар тиісті бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілмеген, өнім берушілер мен мердігерлердің кредиторлық және дебиторлық берешегін көрсетпеу, бар кредиторлық берешек кезінде сыйлықақы төлеу, шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну мерзімдерін бұзу бөлігінде бұзушылықтар анықталды.
Аудиторлық тексерулер барысында жекелеген бұзушылықтар тиісті бухгалтерлік есеп шоттары бойынша бухгалтерлік жазбалар енгізу, сондай-ақ қаржылық есептілікке өзгерістер енгізу арқылы жойылғанын атап өткен жөн.
Жүргізілген аудиттің қорытындысы бойынша жоғарыда аталған объектілердің атына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген жауапты тұлғаларды және аудиторлық қорытындыларды қарауға ұйғарымдар жіберілді, онда мекеме басшысы, Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қаржы қызметінің қызметкерлері үшін біліктілікті арттыруды ұйымдастыру тарапынан ішкі бақылау жүйесін күшейту мәселесін қарау туралы ұсынымдар берілді, заңнаманың талаптарын қамтамасыз ету және қайталама бұзушылықтар келтірмеу мақсатында қаржылық есептілік аудитінің қорытындыларын қарау жөнінде шаралар қабылдау.