2025 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджеттік мониторинг» тәуекел жүйесі және әрекет ету шаралары, сондай-ақ «Онлайн бюджеттік мониторинг» ақпараттық жүйесін пайдалану нәтижелері және оны дамыту перспективалары бойынша кеңейтілген кеңесті өткізді.
Кеңеске Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері, Қостанай облысының қалалар мен аудандарының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары, бас бухгалтерлері, бухгалтерлері, ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Онлайн бюджеттік мониторинг» барысында бюджет қаражатының ұрлану фактілерін, атап айтқанда, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларындағы шамадан тыс аударылған жалақыны анықтау отырыстың негізгі мәселелерінің бірі болды.
2024 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бірлесіп (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген) Тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесіне сәйкес «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің платформасын әзірледі.
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті білім беру саласы қызметкерлерінің еңбекақысын карточкалық шоттарға аудару бөлігінде төлемдердегі тәуекелдерді анықтауды қамтитын «Онлайн бюджеттік мониторингті» апта сайын өткізеді, мониторинг объектісіне орындалу мерзімі күнтізбелік 10 күн мерзімімен хабарлама түрінде жауап хат жолдау арқылы шұғыл шаралар қабылдайды.
2024 жылғы қараша-желтоқсан айларындағы мониторинг нәтижелерінің талдауы көрсеткендей, 39 млн 722 мың теңге сомасына 35 хабарлама жолданды, оның ішінде 7 млн 740 мың теңге сомасына 13 хабарлама расталды, 7 млн 740 мың теңге бюджетке өтелді, 22 хабарлама бойынша тәуекелдер расталған жоқ (себептер: еңбек демалыстың төлемдері, алдыңғы айдың төлемдері).
2025 жылғы 4 айында 501 тәуекел жағдайын қамтитын, жалпы сомасы 1 млрд 245 млн. 997 мың теңгені құрайтын 296 хабарлама жіберілді, оның ішінде: 56,7 млн.теңгені құрайтын (4,47%) 42 жағдайлар расталды, бюджетке 56,3 млн.теңге өтелді.
2025 жылғы 1 сәуірден бастап бақылау бағыттар үш негізгі салаға кеңейтілді: денсаулық сақтау, спорт және мәдениет. Мониторингтің жаңа кезеңі бұзушылықтарды жедел анықтауға және мемлекеттік ресурстарды қорғауға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану бойынша күшейтілген шараларды көздейді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 18 сәуірден бастап «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінде электрондық хабарламаны жіберуді енгізді.
Еңбекақының артық сомаларын аудару бөлігінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін одан әрі болдырмау мақсатында мекемелер мен ұйымдардың басшыларына ақпараттық жүйелермен және қаржылық құжаттамамен жұмыс істеудің заманауи стандарттарына кадрларды оқыту, сондай-ақ жеке тұлғаларға ықтимал ұрлық фактілері бойынша, оның ішінде жеке тұлғаларға үлкен көлемдегі жалақыны белгілеу үшін нормадан тыс төлемдерге ерекше назар аудара отырып, бюджет қаражатының аударылуына жүйелі ішкі мониторингті ұйымдастыру тапсырылды.
Бұл ретте, басшыларға электрондық цифрлық қолтаңба кілтін басқа тұлғаларға заңсыз беру мәселесіне бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ онлайн бюджеттік мониторингі модулін іске асыру нәтижелерін және қабылданған алдын алу шараларын, оның ішінде оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің интернет-ресурстарында жариялауды қоса алғанда, ай сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету ұсынылды.
Қостанай облысы бойынша
Iшкi мемлекеттiк аудит департаментi